Біз туралы » Страница 74 » СШ№4 Тлемис батыра
Жамбыл облысы білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№4 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Ұстаз аты- биік әрі мәңгілік" атты кеш ұйымдастырды.
30
сентябрь
2022
"Ұстаз аты- биік әрі мәңгілік" атты кеш ұйымдастырды.
№4 Тілеміс батыр жалпы орта білім беретін мектебінің 11 сынып оқушылары ұстаздар күніне орай "Ұстаз аты- биік әрі мәңгілік" атты кеш ұйымдастырды.  Кеште 11 сынып оқушылары өз өнерлерін көрсетті. Қыздар «Ложкари» өнерін, ұлдар «Үш бақытым» көрінісін, Ратбай Жанияның папури күйін керемет орындап шықты. Көңілді кешті ұстаздарға топтық- жұптық сұрақтармен  жалғастырды. Шәкірттеріне аса мейрімді, сөзіне берік, шыншыл мінезді, жаны жомарт, пейілі кең ұстаздарға тілектерін білдірді.
«Мұхтар мұрасы»
30
сентябрь
2022
«Мұхтар мұрасы»
Меркі аудандық  «Жас Ұлан» БмЖ ұйымының ұйымдастыруымен Мұхтар Әуезовтың 125 жылдығына арналған «Мұхтар мұрасы» көркем сөз байқау өтті.Мектебімізден 10 А сынып оқушысы Нұртай Нұрым  «Жас ақындар мүшәйра »  12-16 жас ерекшелігі бойынша байқауға қатысты.Әуезовтың кітаптарын оқуды насихаттау,бабалардың оқырмандық көзқарасын кеңейту,өскелеі ұрпақтың шығармашылық және зияткерлік қабілетін дамытуға жағдай жасау,талантты балаларды анықтау  және оларға қолдау жасау,өз таланттарын көрсетуге мүмкіндік
Аудан мектептері арасында өткізілген "Мемлекеттік тіл - менің тілім" атты тілдер мерекесіне арналған байқауда "Эссе" жанры бойынша Құлсары Аяулым І орын иеленді. Жетекшісі Талдыбаева Жарқынай
29
сентябрь
2022
Аудан мектептері арасында өткізілген "Мемлекеттік тіл - менің тілім"
Аудан мектептері арасында өткізілген "Мемлекеттік тіл - менің тілім" атты тілдер мерекесіне арналған байқауда "Эссе" жанры бойынша Құлсары Аяулым І орын иеленді. Жетекшісі Талдыбаева Жарқынай
Ұстаздар күніне орай "Ұстаздарға мың алғыс" тақырыбында ашық  тәрбие сағаты             1"Ә" сыныбында өтті.
29
сентябрь
2022
Ұстаздар күніне орай "Ұстаздарға мың алғыс" тақырыбында ашық тәрбие
Ұстаздар күніне орай "Ұстаздарға мың алғыс" тақырыбында ашық  тәрбие сағаты             1"Ә" сыныбында өтті. Оқушылар өздерінің ұстаздарына ыстық ықыласын,мейірімін,  алғысын өлең жырлары арқылы жеткізіп мақтан тұтатындарын,білімді, мейірімді жанашыр ұлы ұстаздардың  шәкірті болғандарына мақтан ететіндерін жеткізді.Ұстаздар мерекесімен құттықтап алғыс білдірді.Сынып жетекшісі: Амангельдіқызы Ж.
"Іздену"  жас мамандар мектебінің жетекшісі Ж.Талдыбаева
29
сентябрь
2022
"Іздену" жас мамандар мектебінің жетекшісі Ж.Талдыбаева
Қыркүйек айында  "Іздену"  жас мамандар мектебінің жетекшісі Ж.Талдыбаеваның ұйымдастыруымен жас маманды нормативтік - құқықтық құжаттармен таныстыру, оқушы оқытуда қойылатын талаптардды орындау жеке пән бағдарламасының жасалуына көмек беру мақсатында  отырысы өтті. ДҒІЖО Ф.Құлданова әр жас маманға бекітілген тәлімгерлермен таныстырып жылдық жопар  бойынша жұмыс жүргізілетінін айтса, Ж.Талдыбаева пән бағдарламасының жасалуын түсіндірді.
"Өзіңіздің болашақ мамандығыңызды таңдадыңыз ба ? " тақырыбында сауалнама жүргізді.
29
сентябрь
2022
"Өзіңіздің болашақ мамандығыңызды таңдадыңыз ба ? " тақырыбында
№4 Тілеміс батыр жалпы орта білім беретін мектебінің кәсіптік бағдар беруші перагогы А.Шакарова  9-11 сынып оқушыларымен "Өзіңіздің болашақ мамандығыңызды танңдадыңыз ба ? " тақырыбында сауалнама жүргізді. Сауалнама мақсаты: Оқушыларға мамандығын таңдауда бағыт-бағдар беру.
"Қарттар -асыл қазынам" тақырыбында  тәрбие сағатын өткізді.
28
сентябрь
2022
"Қарттар -асыл қазынам" тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.
28 қыркүйек күні  2 "В" сыныбында Қ.Тампиева қарттар күніне орай жас ұрпақтың бойына ардагерлерге деген махаббатты сіңіре отырып, қамқорлық, сыйластық сезімдерін ояту, үлкендерге деген құрмет әр адамның парызы екендігін үйрету мақсатында "Қарттар -асыл қазынам" тақырыбында  тәрбие сағатын өткізді.  Оқушылар өздерінің ата-әжелеріне арнап тақпақтары мен өлеңдерін оқыды
«Ұлттың ұлы ұстазы» Ахмет Байтұрсынұлының  туғанына 150 жыл.
22
сентябрь
2022
«Ұлттың ұлы ұстазы» Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл.
«Ұлттың ұлы ұстазы» Ахмет Байтұрсынұлының  туғанына 150 жыл. Алаштың көрнекті қайраткері,ағартушы-ғалым, ұлт ұстазы, әліппенің атасы, қоғам қайраткері,ақын,әдебиеттанушы,лингвист,аудармашы,публицист Ахмет Байтұрсынов туралы кеңінен таныстыру, өмір және еңбек жолын әңгімелеу ,сот урдісінен көрініс,улгі болар өнегесін жас ұрпаққа паш ету мақсатында 7-сынып оқушыларымен кітапханашы -А.Тулекова  танымдық сағатын өткізді. А.Байтұрсынұлының халықтық тәлім –тәрбиелік ойларының негізінде оқушыларға
Халқымыздың аса бай рухани қазынасы- туған ана тіліміз.
22
сентябрь
2022
Халқымыздың аса бай рухани қазынасы- туған ана тіліміз.
Халқымыздың аса бай рухани қазынасы- туған ана тіліміз.Ол – қазақ тілі. Елімізде жүзден аса ұлт өкілдері тату-тәтті  өмір сүруде. 1989 жылы 22 -қыркүйекте қабылданған. “Тіл туралы” заңда “Тіл- халықтың ұлы жетістігі әрі оның ажырамайтын және бөлінбейтін бөлігі” делінген.Жас ұрпақтың тіліне деген сүйіспеншілігін, қызығушылықтарымен ұмтылыстарын арттыру, балалардың дүние танымын кеңейту арқылы, кітапханада виртуалдық көрмелер өтті.Кітапханашы: Тулекова А
Хабарландыру
22
сентябрь
2022
Хабарландыру
                                                   Хабарландыру        №4 Тілеміс батыр жалпы орта білім беретін мектебінің жанынан қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары (бұдане әрі - Қағидалар)"Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 9-тармағына сәйкес құрылған Қамқоршылық кеңестің өкілеттік мезімнің аяқталуына орай, 2022 жылдың 22-26 қыркүйек аралығына Қамқоршылық кеңес құрамын сайлауға ұсыныс беруге