"Оқуға құштар мектеп " жобасы аясында «Мұқағали-поэзияның асқар шыңы» » СШ№4 Тлемис батыра
Жамбыл облысы білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№4 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Оқуға құштар мектеп " жобасы аясында «Мұқағали-поэзияның асқар шыңы»
09
февраль
2023

"Оқуға құштар мектеп " жобасы аясында «Мұқағали-поэзияның асқар шыңы»

09.02.2023жылы «Оқуға құштар мектеп жобасы» бойынша 15 минуттық үзілісте білім алушылармен бірге мектеп кітапханашысы А.Тулекова мен қазақ тілі және әдебиет пән мұғалімдері Қазақ поэзиясының Хан Тәңірі атанған Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Мұқағали-поэзияның асқар шыңы» атты лездеме өткізілді.Дәліздегі теледидарға ақынныңшығармашылығы мен өміріне арналған бейнежазба қойылды.Мұқағали өмірімен шығармалары туралы бейне ролик көрсетілді.Білім алушылар  ақын мұрасын , маржан поэзиясын насихаттайтын "Отан", "Туған жер", "Хан Тәңірі", "Арыз жазып кетейін" және өздерінің ақынға деген арнау өлеңдерін мәнерлеп, жатқа оқыды.

Мақсаты: Ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау. М. Мақатаевтың өлеңдері мен әндері арқылы оқушыларды әсемдікке, елжандылыққа тәрбиелей отырып, поэзия әлемінің сырын ашу.

Ақын 1954 – 1962 жылдары Қазақ радиосында диктор болып қызмет атқарды. Ал, 1962 – 1972 жылдарда «Социалистік Қазақстан», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде, «Мәдениет және тұрмыс», «Жұлдыз» журналдарында бөлім меңгерушісі болып еңбек етті. 1972 – 1973 жылдары Қазақстан жазушылар одағында әдеби кеңесші қызметін атқарды. Ақынның тұңғыш өлеңі 1948 жылы Нарынқол ауданында «Советтік шекара» газетінде жарық көрді. Ақынның шығармалары негізінен елге, туған халқына деген сүйіспеншілігін, махаббатын, өмірге деген құштарлығын жырлауға арналған. Көптеген өлеңдеріне ән де шығарылды. Дантенің, Шекспирдің шығармаларын қазақ тілінде аударған ақиық ақынымыз 1976 жылы 27 наурызда өмірден өтті.