"Мектепке жол" қайырымдылық акциясында ағымдағы 2024-2025 оқу жылына
#4 Тілеміс батыр жалпы орта білім беретін мектебінде "Мектепке жол" қайырымдылық акциясында ағымдағы 2024-2025 оқу жылына дайындық бойынша анықталған азқамтылған, көмекке мұқтаж 16 отбасының 28 балаларына мектеп формасы, спорттық киімдер және кеңсе тауарлары демеуші арқылы сатып алып берілді. Сонымен қатар "Елге көмек" қайырымдылық қорының азаматтары арнайы келіп 32 отбасынан 60 оқушыға мектеп сөмкесін таратып берді.