Көктемгі демалыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында 30 наурыз "Кино күні" 5 "а" сыныбымен ұйымдастырылды. "Менің атым Қожа" фильмін көріп, ерекше көтеріңкі көңіл күйде болды. Сынып жетекшісі: Нурланова Мира
2 сәуір — Халықаралық балалар кітабы күні. Бұл күн 1967 жылдан бастап атап өтіледі және әлемнің түрлі елдерінде балаларға арналған әдебиеттің маңыздылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылады.Кітап оқу — білім мен тұлғалық дамудың маңызды құрамдас бөлігі. Кітап оқу адамның танымдық қабілеттерін дамытады. Оқу арқылы адам жаңа ақпараттар мен білім алады, өмірлік тәжірибелермен танысады, өз көзқарасын кеңейтеді.
Бастауыш 1-4 сынып оқушылары мен жекелеген санаттағы оқушылар тегін және жеңілдетілген тамақпен қамтылып отыр. Сәрсенбі 2 сәуіір күнгі ас мәзірі : пісірілген тауық еті, гарнир: макарон тұздығымен, сәбіз салаты, табиғи шырын, нан.
4 Тілеміс батыр ЖОББМ "Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиыламыз" тақырыбында 7 Б сыныбы Бердібек Сапарбаевтың "Менің атым Қожа" кітабын оқып 7 "а" сыныбына осы челленджді жолдады.
Мектеп кітапханашылары ұйымдастыруымен «Каникулда кітап оқимыз» " Әдебиет әлемінде көктем самалы" тақырыбы балалардың көктемгі демалыс кезінде уақытты тиімді өткізу мақсатында ұсынылған бастама болып табылады. Бұл тақырып балалар мен жасөспірімдерді кітап оқу арқылы білімін арттыруға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және бос уақыттарын пайдалы өткізудің маңыздылығын түсіндіруге арналған. Кітап оқу арқылы балалар әлемді танып, ой-өрісін кеңейтіп, жаңа білім мен дағдыларға ие болады.