"Жекелеген білім алушылардың қажеттілігін қанағаттандыруға
№4 Тілеміс батыр жалпы орта білім беретін мектебінде 2025 жылдың 5 желтоқсанында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен "Жекелеген білім алушылардың қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған тапсырмалар әзірлеу" тақырыбында аудандық семинар өтті. Семинардың мақсаты: Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жекелеген білім алушылардың оқу қажеттіліктерін ескере отырып, сараланған, дербес тапсырмалар әзірлеу жолдарын көрсету, тәжірибе алмасу және тиімді әдіс-тәсілдерді тарату.