"Таза кітап" оқулықтарға рейд.
№ 4 Тілеміс батыр жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасында
"Таза кітап" оқулықтарға рейд.
12-қараша кітапхана жоспары бойынша білім алушыларды кітапханалық оқулықтарға дұрыс және ұқыпты қарауға үйрету мақсатында "Таза кітап" оқулықтарға рейд жүргізілді. Тексеру 1-11 сыныптар аралығында өткізілді. Сабақта оқулықтардың болуы, мұқабаның болуы, сондай-ақ оқулықтардың сыртқы түрі тексерілді Оқулықтары, мұқабасы жоқ немесе ұсақ жөндеуді қажет ететін кітап иелері, білім алушыларға "мектеп оқулығына ұқыпты қарау туралы", "оқулықты сақта", "оқулықты ұзақ ұстау " нұсқаулықтар жүргізіліп, мектеп кітапханасынан оқулықтарды пайдаланудың негізгі ережелері туралы және оқулықтарды бүлдіргені және жоғалғаны үшін жауапкершілік туралы тағы да еске салынды. Оқушылардың басым бөлігінің оқулықтары таза, қапталған, ұқыпты пайдаланатыны байқалады.
#оқуғақуштармектеп #балаларкітапханасы




