26
октябрь
2023
Кәмелетке толмағандар арасында қылмыспен құқық бұзушылықтың алдын-алу,
№4 Тілеміс жалпы орта білім беретін мектебінде 2023 жылдың 26 қазан күні кәмелетке толмағандар арасында қылмыспен құқық бұзушылықтың алдын-алу, жасөспірімдерге қатысты зорлық –зомбылықты болдырмау мақсатында Меркі АПБ ЖПҚБ бастығы полиция подполковнигі Майнаусов Айдос Болатович, Меркі АПБ бастығының орынбасары полиция майоры Қуанышбеов Мадияр Бейсенбекович жоғарғы сынып оқушыларымен кездесу өткізілді. Кездесу барысында оқушыларға жол ережесін бұзушылықтың және электр көлік құралдарын басқару барысында жол апаттарының көп орын алып жатқанын, сондай –ақ буллинг, кибербуллингтің алдын-алу, құқық бұзушылықты болдырмау үшін әкімшілік хаттама толтырылатыны туралы айтып өтті. Сонымен қатар қазіргі кездегі құқықбұзушылықтың түрлерінің көбею себебтері және оның алдын алу бойынша қандай әрекеттер жасау керектігі туралы толық ақпарат беріп , оқушылардың мезгілсіз уақытта тиым салынған орындарда жүруі туралы түсіндірме жұмысын жүргізді.





























