Бос орынға конкурс жариялау » СШ№4 Тлемис батыра
Жамбылская область білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№4 орта мектеп"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » Бос орынға конкурс жариялау
15
ноябрь
2023

Бос орынға конкурс жариялау

Бос орынға конкурс жариялау
1) Жамбылская область әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданы білім бөлімінің «№4 Тілеміс батыр жалпы орта білім беретін мектебі» отдела образования Кордайского района "Математика" пәнінің мұғалімі уақытша бос лауазымына (16-сағат) конкурс жариялайды.
Мекеменің мекен-жайы: Жамбылская область, Меркі ауданы Ақтоған ауылы, Амангелді улица № 80 үй.
Анықтама, байланыс номері: 8726235310, ұялы телефон: 8 (702) 302 26 21
Электрондық пошта: m.mektep4@yandex.kz
2) Негізгі функционалдық міндеттері:
1.Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогика және психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, үлгілік оқу бағдарламаларын, үлгілік оқу жоспарларын, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларды.
2.Лауазымдық міндеттері: Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес оқытатын пән ерекшелігін ескере отырып оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады. Білім алушылардың жеке қабілеттерін ашуға және дамытуға, тұлғаның әлеуметтенуі мен жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Оқытудың әр түрлі нысандарын, тәсілдерін, әдістерін қолданады. Пәннің күнделікті қысқа мерзімді жоспарларын құрады. Оқыту процесіне инновациялық, ақпараттық технологияларды ендіруді қамтамасыз етеді. Білім алушыларды мемлекеттік білім беру стандартында қарастырылған білім, білік және дағдылармен қамтамасыз етеді. Білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және дайындауға қатысады, оны оқу жоспары мен оқу үрдісі кестесіне сәйкес іске асырылуын қамтамасыз етеді.
Әдістемелік бірлестіктердің және әдістемелік басқа да іс-шараларға қатысады. Кәсіби біліктілігін жүйелі арттыруды жүзеге асырады. Кәсіби біліктілігін жүйелі арттырады. Әдістемелік бірлестіктердің және әдістемелік басқа да іс-шараларға қатысады.
Еңбекке ақы төлеу мөлшері-197000 теңгені құрайды, уақытша бос орын атауы-"Математика пәні мұғалімі"-16 сағат.
3) Кандидатқа қойылатын біліктілік талаптар: пән бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе қайта даярлаудан өткенін растайтын құжат; конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесіне сәйкес,
педагогикалық еңбек өтілі бар үміткер үшін педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы міндетті. Егер үміткердің педагогикалық еңбек өтілі бола тұра біліктілік санаты болмаған жағдайда және жоғары оқу орны мен кәсіптік оқу орнын бітірген жас мамандар үшін "Педагог" санаты бойынша Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты болу міндетті.
4) Құжаттарды қабылдау мерзімі: 15.08.2023ж-23.08.2023ж аралығында.
Конкурс өткізу күні: 29 тамыз 2023 жыл.
5) Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі «Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының» 3-тарау, 1-параграфының 118 тармағына сәйкес (22.12.2022 №568 өзгерістерімен) жүргізіледі.
 1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
      4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
      6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
      7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
      8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
      9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
      10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша шекті деңгейі кемінде 90% сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының, немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе Celta сертификаты (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) pass a; Delta (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе TOEFL (TOEFL) (интернетке негізделген тест (IWT)) - 60-65 балл; болу керек.
      11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.
      12) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы. 
      13) тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.
6) Уақытша бос лауазым мерзімі 9 тамыздан 3-қарашаға дейін. Құжаттар мектеп ғимаратында, №12 физика кабинетінде қабылданады.