11
декабрь
2023
"Нәтижеге бағытталған әдістемелік көмек" атты онкүндік ұйымдастырылды.
Меркі ауданының білім бөлімі "ББЖМ -2023" қорытындысы негізінде тест тапсырмаларының орындалуына терең талдау жүргізу, күшті және әлсіз жақтарын анықтау, пән мұғалімдеріне мақсатты әдістемелік қолдау көрсету, оқу тәрбие процесін жетілдіру аясында № 4 Тілеміс батыр жалпы орта білім беретін мектебінде 11- 20 желтоқсан аралығында "Нәтижеге бағытталған әдістемелік көмек" атты онкүндік ұйымдастырылды. Онкүндіктің жоспары жасалынып бекітілді. Жоспарға сәйкес ББЖМ - 2023 нәтижелерімен таныстырып, соның қорытындысы бойынша семинар сериясын ұйымдастыру жоспарланды және пән мұғалімдеріне таныстыру жұмыстары жүргізілді.





