«Жасөспірімдердің тәрбиесі мен құқық бұзушылық» тақырыбында ата-аналар форумы өтті. » СШ№4 Тлемис батыра
Жамбылская область білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№4 орта мектеп"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » «Жасөспірімдердің тәрбиесі мен құқық бұзушылық» тақырыбында ата-аналар форумы өтті.
13
ноябрь
2024

«Жасөспірімдердің тәрбиесі мен құқық бұзушылық» тақырыбында ата-аналар форумы өтті.

№4Тілеміс батыр  атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінде 2024 жылдың  13 қараша күні  қоғамда саналы ата-ана мәдениетін қалыптастыру, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі белсенділігін арттыру, отбасы құндылықтарын насихаттау, бала құқығы, білімі, денсаулығы, қауіпсіздігі сынды өзекті тақырыптарды талқылау, шешімін ұсыну мақсатында «Жасөспірімдердің тәрбиесі мен құқық бұзушылық» тақырыбында ата-аналар форумы өтті. Форумда мектеп директоры І.С. Жүнісжанов «Жасөспірімдердің тәрбиесі  мен құқық бұзушылық» тақырыбында ,Меркі  АПБ ЖПҚБ ЮПТ инспекторы полиция лейтенанты Дүйсебай Ерік Серікұлы   сөз алды « Жасөспірім және заң» тақырыбында баяндама оқып, өз ойларымен бөлісті. Өз кезегінде жарыс сөзге шыққан мектептің ата-аналар комитетінің төрағасы А. Дарина, қамқоршылық кеңес мүшелері бәрі отбасынан басталатындығын, сондықтан басты аспект – ата-ана тәрбиесі, оған баса назар аудару керек екендігін айтып өтті. Форум барысында кибербуллинг, жасөспірімдер қылмысы, суицид, онлайн ойындар және синтетикалық есірткілер, өскелең ұрпақты моральдық-адамгершілік тәрбиелеу, отбасылық құндылықтарды беру, балалардың денсаулығын сақтау туралы мәселелер көтеріліп, талқыланды.