30
ноябрь
2021
"Елін сүйген, елі сүйген Елбасы" атты мәнерлеп оқу байқауы өткізілді.








Байқаудың мақсаты: мәнерлеп оқу арқылы 5 жастағы балалардың "Елбасы және еліне,жеріне" деген сүйіспеншіліктерін арттыру және патриоттық сезімдерін ояту.
Байқауды мектепалды даярлық сыныбының мұғалімі Умирзакова Айнур Тұрғанбайқызы жүргізді."Елбасы"туралы слайд пен бейнероликтер көрсетілді және фотоколлаж жасалынды.
Балалардың байқауының жеңімпазын анықтау мақсатында әділ қазылар алқасы сайланды.
Олар: Директор оқу ісі жөніндегі орынбасары -Сырлыбаева Баян Шәріпбайқызы және бастауыш сыныптар бірлестік жетекшісі Жарасова Асел Исраилқызы сайланды.
Байқау кезеңінде балалар өздерінің дайындаған "Елбасы,Отан туралы өлеңдерін жатқа мәнерлеп айтып берді.
Қорыта келе:
l-орынды - 0 «Ә» сынып тәрбиеленушісі Нәукебай Шапағат ;
II-орынды - 0 «А» сынып тәрбиеленушісі Жексенбай Айару, 0 «Б» сынып тәрбиеленушісі Жанат Ильяс және 0 «Ә» сынып тәрбиеленушісі, Тұрсынғалиқызы Сабина иеленсе;
III–орынды 0«А»сынып тәрбиеленушісі
Нұржасар Азамат иеленді.
Байқаудың қорытынды шешімі бойынша"Елін сүйген, елі сүйген Елбасы"атты мәнерлеп оқу аудандық байқауына 0"Ә" сынып тәрбиеленушісі Нәукебай Шапағат ұсынылды.