Қысқы кезеңдіндегі мұздағы қауіпсіздік ережелері » СШ№4 Тлемис батыра
Жамбылская область білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№4 орта мектеп"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » Қысқы кезеңдіндегі мұздағы қауіпсіздік ережелері
27
декабрь
2024

Қысқы кезеңдіндегі мұздағы қауіпсіздік ережелері

Қысқы кезеңдіндегі мұздағы қауіпсіздік ережелері
Жыл саи‌ын қысқы кезеңде су объектілерінде адамдар, оның ішінде балалар қаза табады.Қысқы кезеңде су объектілерінде қауіпсіздік ережелерін сақтамау жиі қаи‌ғылы жағдаи‌ларға әкеліп соғады.
Қараша мен желтоқсан аралығындағы күзгі мұз, яғни тұрақты аяз басталғанға дейін осал болады. Кешкі немесе түнгі суықпен қатқан мұз,  ол аз ғана жүк салмағын көтера алады, бірақ күндіз сол арқылы ағып жатқан еріген судан тез қызып кетеді, ол ежептәуір қалыңдығын сақтанмен кеуекті және өте әлсіз болады.

Құрметті ата-аналар!
Балаларыңызға назар аударыңыздар, әлсіз мұзға шығу қаупі туралы айтыңыздар. Балаңыз бос уақытын қайда өткізетініне қызығушылық танытыңыз. Күзгі-қысқы кезеңде балалардың су айдындарында жүруіне және болуына жол бермеңіз. Әсіресе мұз үстіндегі ойындарға жол бергісіз! Балалардың жеңілтек жүріс-тұрысы, қауіпсіз мінез-құлықтың қарапайым ережелерін білмеуі және елемеуі- қаийғылы және ауыр оқиғалардың түпкі себебі болып табылады.

Қауіпті болдырмау үшін есіңізде сақтаңыз:
· күзгі мұз үздіксіз аязды күндер орнатылғаннан кейін ғана қатты болады;
· қалыңдығы 7 см кем емес мұз адам үшін қауіпсіз деп саналады;
· арнаи‌ы мұз өткелдері жабдықталған жерлерде су қоймаларынан өту керек. Мұз өткелдері жоқ жерлерде өту кезінде мұздың беріктігін міндетті түрде таяқпен тексеру қажет;
· мұз тез ағатын, ағынды сулар мен жылғаларда, сондаи‌-ақ су өсімдіктері өсетін аудандарда, ағаштар мен бұталардың жанында осал болады;
· қар мен күртік қар астында, сондаи‌-ақ жағалаудағы мұз өте қауіпті.

Егер Сіз құлап, суық суға түссеңіз не істеу қажет:
· үрейіңіз қашып, оқыс қимыл жасамаңыз, мүмкіндігінше терең және ақырын дем алыңыз;
· қолдарыңызды екі жағыңызға жайып, мұздың шетіне ілуге тырысыңыз, денеңізді ағыс бағыты бойынша көлденең қалыпқа келтіріңіз;
· мұздың шетіне ақырын кеудеңізбен жатып, бір аяғыңызды , содан кейін екінші аяғыңызды мұзға лақтыруға тырысыңыз;
· жылымнан шыққаннан кейін, артқа қарай жылжыңыз, содан кейін келген жағыңызға қарай жүріңіз: өйткені бұл жерде мұз беріктікке тексерілген.
· Қалай болғанда да, төтенше жағдаи‌ туындаған кезде шұғыл түрде 112 нөміріне қоңырау шалу керек (барлық қоңыраулар тегін).