14
январь
2025
"Маралтай оқулары" байқауында
Талантты тұлға Маралтай Райымбекұлының шығармашылығын насихаттау барысында өткізілген аудандық "Маралтай оқулары" байқауында N 4 Тілеміс батыр жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы Хасанова Феруза ақынға деген арнау өлеңін ұсынып, жүлделі 2-орынға ие болды. Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Нурсеитова Нургул Айдарбековна
