20
январь
2025
«Жол ережесін білейік, аман-есен жүрейік» тақырыбында тәрбие сағаттарын өтті.
№4 Тілеміс батыр жалпы орта білім беретін мектебінде "Абайлаңыз, балалар" республикалық акция аясында 5б сынып жетекшісі Т.Альжанова сынып білім алушылар арасында «Жол ережесін білейік, аман-есен жүрейік» тақырыбында тәрбие сағаттарын өтті. Мақсаты: Білім алушылардың жолда жүру ережесі бойынша түсініктерін кеңейту. Сабақта балалар жол ережесі туралы, жол белгілері туралы білімдерін ортаға салды. Берілген тапсырмалар бойынша топ болып постер қорғады. Тәрбие сағатының соңында балалар арнайы платформада тест тапсырып, ЖЖЕ өз білімдерін тексерді.
