«Әкем айтқан нақыл сөз...» тақырыбында ток-шоу өтті. » СШ№4 Тлемис батыра
Жамбылская область білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№4 орта мектеп"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » «Әкем айтқан нақыл сөз...» тақырыбында ток-шоу өтті.
16
февраль
2022

«Әкем айтқан нақыл сөз...» тақырыбында ток-шоу өтті.

Мектепте 15 ақпан күні мектеп пен отбасының өзара байланысын, қарым – қатынасын нығайту, отбасының қарым – қатынасындағы сенімділікті және сыйластықты қалыптастыру, бала тәрбиесінде әкенiң ролі ерекше екендігін түсіндіру, халқымыздың ғасырлар бойы жинақталған баға жетпес қазынасы – бабалардың өсиет сөздерін ұғындыру мақсатында «Әкем айтқан нақыл сөз...» тақырыбында ток-шоу өтті.
Іс-шара барысында әкелерге бала тәрбиесіне қажетті мағыналы бейнелролик, «Әке мен бала» көрінісі көрсетіліп, ситуациялық сұрақтар қойылды. Психологиялық тренинг жүргізілді. Мектеп оқушылары әкелерге арналған өлеңдерімен әндерін  тарту етті.
    Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Ата-ана өз баласының алдында өнегелі ұстаз, адамгершілік пен әділеттіліктің үлгісі ретінде танылуы бала үшін өте маңызды. Әсіресе әке тәрбиесі бала үшін ерекше орын алады. Әкеге баласы имандылығын, тазалығын, ұқыптылығын, еңбексүйгіштігін көрсете білсе, ол- әкенің қуанышы, бақыты. Өмірдің шын мәні бала, сәні бала, салтанаты бала, махаббат та, мәртебесі бала, өйткені баланың өсуі оның ұядан ұшқандағы алған тәрбиесі отбасының көрмесі. “Жақсы әке балаға өмірлік азық, жақсы ұл әулетке өмірлік қазық”- деген. Сондықтан, тәрбиенің тәлімі бала бойында бүршік жарып жатса, нұр үстіне нұр болар еді.