19
апрель
2022
«Асанбай Асқаров: өмір жолы мен ерен еңбегі» тақырыбында бірыңғай сабақтар өтті.
№4 Тілеміс батыр жалпы білім беретін мектебінде А. Асқаровтың өмірі мен қоғамға жасаған еңбектері, әдеби шығармаларымен таныстыру.Отанын сүюге, елжандылыққа, ерлікке, батылдыққа, адамгершілікке, мейірімділікке, еңбексүйгіштікке, халқына адал қызмет етуге тәрбиелеу мақсатында Асанбай Асқаровты 100 жылдығына орай «Асанбай Асқаров: өмір жолы мен ерен еңбегі» тақырыбында бірыңғай сабақтар өтті. Ұлтымыздың тарихында ұлылар аз болмаған. Олар еліне адал қызмет етіп, халқының қадір- қасиетін арттырып, қазақтың атын шығарған азаматтар. Солардың ішінде Асанбай Асқаров ағамыздың орны бөлек.Ол кісі еліне сіңірген ерен еңбегімен,тындырған таңқаларлық тірліктерімен, бітірген игіліті істерімен,артына қалдырған ізгілі іздерімен ерекшеленеді.
Сол ерен еңбегінің арқасында еліміздің өсіп- өнуіне, Қазақстанның өркендеп – дамуына зор үлес қосты.






Сол ерен еңбегінің арқасында еліміздің өсіп- өнуіне, Қазақстанның өркендеп – дамуына зор үлес қосты.






