Мектебімізде 5 қыркүйек күні «Адалдықтың алып жыршысы-Жамбыл Жабаев» тақырыбында адалдық сағаты өтті. » СШ№4 Тлемис батыра
Жамбылская область білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№4 орта мектеп"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » Мектебімізде 5 қыркүйек күні «Адалдықтың алып жыршысы-Жамбыл Жабаев» тақырыбында адалдық сағаты өтті.
05
сентябрь
2022

Мектебімізде 5 қыркүйек күні «Адалдықтың алып жыршысы-Жамбыл Жабаев» тақырыбында адалдық сағаты өтті.

Мектебімізде  5  қыркүйек күні «Адалдықтың алып жыршысы-Жамбыл Жабаев» тақырыбында адалдық  сағаты өтті.Қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы,өлең сөздің дүлділі,жырау,жыршы Жамбыл Жабаев аңызға айналған халық ақыны,жыраулық өнерінің  шебері,айтыскер Жамбыл Жабаевтың  өмірі,шығармашылығы,ауыз әдебиетінде жүрген көп өлеңдері,жырлары,термелеріжастарды отансүйгіштікке,эстетикалық және патриоттық тәрбиеге баулиды. «Топ десе он жетімде тартынбадым,семсердей майдандағы жарқылдадым»-деп,көптеген ақындармен айтысып,жеңіске жеткен,халқымыздың ақындық өнерін дамытуға үлкен үлес қосқан.Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі поэзияда Ж.Жабаевтың  Отанды қорғау және халықтар достығы тақырыбындағы шығармалары басты орын алды.Ол төрт жыл бойы сарбаздар,гвардияшылар,Мәскеу мен Ленинград қалалары туралы шығармаларын тарту етіп отырды. «Ленинградтық өрендерім!» өлеңі бүкіл әлемге таралды.Осы туындылардың көпшілігі патриоттық поэзияның нағыз жауһарлары болды.Қазақ халқы поэтикалық өнерінің дамуына үлкен үлес қосты.бүкіл өмірін жалпыадамзаттық құндылықтар мен жақсылықты,әділеттілікті дәріптеуге және патриотизмді тәрбиелеуге арнады.Ақынның шығармашылығы мен өмірі оқушыларды адамгершілікке ,ізгілікке баулып,ұлтжандылыққа тәрбиелейді.