28
октябрь
2022
«Бой түзеу-әуелі ой түзеу» тақырыбында тәрбие сағатын өтті.
7 «Б» сынып жетекшісі С.Мінетова қыздарымен қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттылық, кішіпейілділік, сұлулық т.б ұлттық қасиеттерді жан-жақты таныта білу мақсатында «Бой түзеу-әуелі ой түзеу» тақырыбында тәрбие сағатын өтті. Қазақ халқы «Қыз» сөзінің мағынасын әдеміліктің, инабаттылықтың, сұлулықтың белгісі деп таныған. «Қызды тәрбиелегеннің – бір ұрпақты тәрбиелегенің», - деген екен ата- бабамыз. Сондықтан да қыз бала тәрбиесіне ерекше мән берген дұрыс. Бесігінде жақсы тәрбие алған, үлгі өнеге көрген қыз бала кейін де сол әдетін сақтайтыны сөзсіз.



