08
март
2023
Мектепте 6 наурыз күні қыз бала тәрбиесін
Мектепте 6 наурыз күні қыз бала тәрбиесін, қыз баланың әдептіліктің, әдеміліктің, инабаттылықтың, сұлулықтың жаршысы екенін айта отырып, қыздарға жат қылықтарды ажырата білуге, олардың денсаулығына, ұлт болашағына, рухани байлығына, тәрбиесіне келтіретін зияны туралы түсінік беру, достармен және құрбылармен күнделікті қарым-қатынаста жаман әдеттерден аулақ болу қағидаларын ұстануға тәрбиелеу мақсатында «Аялы алақан» аналар клубы жетекшісі ИндираТаңатова «Иманды қыз, аяулы ана»тақырыбында аналармен кездесу өткізді. Кездесуге отбасы тәрбиесімен ерекше танылып,өмірге бейім, еңбекқор, білімді, ұл-қыз тәрбиелеп отырған Гүлзира және Ермек аналарымыз келді.