«Ашық есік» айлығы кезінде бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру » СШ№4 Тлемис батыра
Жамбыл облысы білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№4 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ашық есік» айлығы кезінде бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру
21
декабрь
2021

«Ашық есік» айлығы кезінде бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру

Мектепте «Ашық есік» айлығы кезінде бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру, баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі қолдауға ой салу мақсатында 3 «Б» сыныбында М.Тұрлымбетова «Бала тәрбиесі- баршаға ортақ»  тақырыбында  тренинг, 6 «а» сыныбында бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру,отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру  мақсатында Т.Альжанованың «Ата-ана баланың іргетасы» тақырыбында ата -аналармен пікірлесу сабағын  өткізді. «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің» демекші ата-ана тәрбиесі бала өмірінде үлкен із қалдырады. Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, дұрыс білім алуына жағдай жасау — ата-ананың басты парызы. Ендеше бала тәрбиесінде ұсақ-түйек дейтін ешнәрсе жоқ және сол нәрседен де қателесуге қақымыз жоқ. Бала — әр жанұяның бақыты. Олай болса, өз бақытымызды бағалай білейік.