«Бақытты балалар бейбіт елдің тірегі» тақырыбында іс-шара өткізілді. » СШ№4 Тлемис батыра
Жамбыл облысы білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№4 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» »  «Бақытты балалар бейбіт елдің тірегі» тақырыбында іс-шара өткізілді.
05
июнь
2023

 «Бақытты балалар бейбіт елдің тірегі» тақырыбында іс-шара өткізілді.

№4 Тілеміс батыр жалпы орта білім беретін  мектебінде 5-маусым күні 
 «Балдәурен» сауықтыру  лагерінің  ашылу салтанатына арналған «Бақытты балалар  бейбіт елдің тірегі»  тақырыбында іс-шара өткізілді. Мақсаты: 
Білім алушылардың  демалысын, бос уақытын және сауықтыруын қамтамасыз ету.
       Жиын  өткізілетін  орын  шарлармен , жалаушалар  және гүлдермен  безендірілді.
«Жауқазын», «Балдырған» атты топтардан  құрылған тынығушылар өз өнерлерін ортаға салып, ән айтып, би биледі. Балалармен   мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері,  тіл ерекшелігін ұғыну мақсатында үш тілде мәнерлеп оқу сайысы ұйымдастырылды. Балаларды логикалық тез  ойлауға  баули  отырып түрлі қызықты ойындар ойнатылды. Оқырмандардың ана тілінде сөйлеу шеберлігін арттыру,сөздік қорын молайту мақсатында мақал- мәтелдер мен жаңылтпаштар айтылды. Балалар  бейбітшілік, туған жер,  табиғат көріністерін асфальт  бетіне шебер суреттеді.Балалармен  салауатты өмір салтын  ұстана отырып ,түрлі спорттық ойындар ойнатылды. 
       Лагерьге келген балалар әртүрлі шараларға қатысып, ой-өрістерін дамытып, танымдық дүниелермен танысты.