№4 Тілеміс батыр  жалпы орта білім беретін мектебі » СШ№4 Тлемис батыра
Жамбыл облысы білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№4 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №4 Тілеміс батыр  жалпы орта білім беретін мектебі
07
июнь
2023

№4 Тілеміс батыр  жалпы орта білім беретін мектебі

№4 Тілеміс батыр  жалпы орта білім беретін мектебі 
         Мектебімізде  7- маусым күні ағылшын  тілі пәнінің мұғалімі Т.Нәукебаева  оқушыларға мамандық таңдау , олардың әдістері туралы  білімдерін  , түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта  ықыласын , қызығушылықтарын арттыру мақсатында «Мамандықтар әлемі»  тақырыбында пікір сайыс өткізді. Сайыс «Мен  өскенде кім болам?» ,  «Мамандықты тап», «Келісемін, келіспеймін, дәлелде» атты кезеңдер арқылы ұйымдастырылды. Әр топ  өздерін танымал әуендердің   ырғағына салып, өз топтарын таныстырды. «Мамандықты тап» ойыны арқылы  мамандық иелерінің кескін – келбетін  ым-ишарамен рөлге ене отырып, өз шеберліктерін көрсете білді. Әр топ мүшелері берілген тұжырымдар қатары  ішінен өздерінің келісетін және келіспейтін тұжырымдарын таңдау арқылы , ой пікірлерін дәлелдеп шықты. Балалар «Ең жақсы ойыны» арқылы ең қиын, ең қажет, ең ақшасы көп, ең қызықты мамандық түрлерін  топта топтастыру арқылы мамандық әлемінің сан қилы ерекшеліктерін ажыратып, мамандықты дұрыс  талдай және таңдай білуді үйренді.
Орыс тілі пәнінің мұғалімі І.Әріпбай «Жауқазын» тобында «Доскажи словечко» атты   ойын өткізді. Балалар орыс тілінде денсаулыққа байланысты өлең жолдарын жалғастырып , қажетті сөз тіркестерін тіркеп, қызығушылық сыйлықтарына ие болды.