Мектепте 6 – маусым күні А. Пайызова оқушылардың жолда жүру ережелері, » СШ№4 Тлемис батыра
Жамбыл облысы білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№4 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектепте 6 – маусым күні А. Пайызова оқушылардың жолда жүру ережелері,
06
июнь
2023

Мектепте 6 – маусым күні А. Пайызова оқушылардың жолда жүру ережелері,

Мектепте 6 – маусым  күні   А. Пайызова оқушылардың жолда жүру ережелері,су және өрт қауіпсіздігі ережелері туралы білімдерін қалыптастырып, қауіп төнген кезде өздерін қорғай білуге машықтандыру мақсатында «Қауіпсіз балалар алаңы» тақырыбында дөңгелек үстел  өткізді.Дөңгелек үстелде «Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік» , « Өрт— тілсіз жау»,«Суға түссең абайла, сақтық керек қалайда?» атты кезеңдер  қамтылды. Балалар жолда жүру ережелерінен көрініс көрсетті.Өрттің қауіпті факторларын атай отырып, жағдаяттық сұрақтармен пікірталас жүргізді.Суға шомылудың ережелерін құрастыра отырып, қауіпсіздік бұрышын жасады. Балалар өмірде бәріне дайын болу керектігін, жан - жақта болып жатқан оқиғалардан хабардар болу керектігін ұғынды.
   М. Молдабекова балаларды бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын арттыру мақсатында  «Көбелектер әлемі» атты қызықты ойын ұйымдастырды. Балалар  бейне тірі көбелектердің кейпінде көбелектердің қанаттарын қақтырып, гүлдерге қондырды. 
     Дене шынықтыру пәнінен Б.Дәулетбаева ұлттық ойын түрлерін , әдіс- тәсілдерін үйрету мақсатында  балалармен «Орамал тастамақ» ойынын өткізді. Балалар орамалды жерден ілу арқылы берілген тапсырмаларын орындап , бойларындағы жылдамдық , шапшаңдық қасиеттерін көрсете білді