Білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау тәртібіне өзгерістер енгізілді. » СШ№4 Тлемис батыра
Жамбыл облысы білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№4 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау тәртібіне өзгерістер енгізілді.
28
май
2026

Білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау тәртібіне өзгерістер енгізілді.

📌 Құрметті ата-аналар!

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы №564 бұйрығына сәйкес, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау тәртібіне өзгерістер енгізілді.

🔹 Енді бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдары арасында оқушыларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау каникул кезеңінде жүзеге асырылады.

Алайда төмендегі жағдайларда каникул уақытын күтпей ауысуға рұқсат беріледі:
✔️ заңды күшіне енген сот шешімі болған кезде;
✔️ бір елді мекен ішінде немесе басқа елді мекенге қоныс аударған жағдайда (тұрғын үйге меншік құқығын немесе пайдалану құқығын растайтын құжаттар ұсынылған кезде);
✔️ Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығу кезінде (шығуды растайтын құжаттар болған жағдайда).

📖 Аталған өзгерістер білім беру ұйымдары арасындағы оқушылар қозғалысын реттеу және оқу процесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында енгізілді.