29
март
2024
1 СӘУІРДЕ БІРІНШІ СЫНЫПҚА ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛАДЫ
1 СӘУІРДЕ БІРІНШІ СЫНЫПҚА ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛАДЫ ✅2024-2025 оқу жылына оқушыларды 1 сыныпқа қабылдау 1 сәуірде басталып, 31 тамызда аяқталады.
Балаларды мектепке қабылдау тәртібі 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрықпен бекітілген Үлгілік қағидаларда айқындалған. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру, тәлімгерлік және балалардың қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі Заңына сәйкес лицейлер мен гимназияларға бірінші сыныпқа қабылдау кезінде емтихан өткізуге тыйым салатын ереже енгізілді. Барлық балалар, дайындық деңгейіне қарамастан, тең мүмкіндіктерге ие болады.
Өтінішті ата-аналардан қабылдау екі тәсілде жүзеге асырылуда:
1) egov.kz электронды үкімет порталы арқылы
2) қағаз түрінде
✅Өтініш бір жұмыс күні ішінде қарастырылады.
Қажетті құжаттар тізімі:
✅ата-ананың өтініші;
✅баланың 3х4 көлеміндегі 2 фотосуреті.
✅”Бала денсаулығының паспорты” 052-2/у нысанды анықтама. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, биылғы жылдан бастап «Бала денсаулығының паспортын» ақылы түрде сатып алудың қажеті жоқ. Баланың денсаулық паспортын баланың тіркелген жері бойынша емханалар мөрі бар анықтама түрінде тегін беретін болады. Сонымен қатар, білім беру ұйымдарына артық құжаттарды, оның ішінде «Баланың туу туралы куәлігін» талап етуге тыйым салынғанын хабарлаймыз.
Ағымдағы жылда Оқу-ағарту министрлігімен egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызметтің бизнес-процесі жаңартылды:
- микроучаскеге байланысты автоматты түрде мектепті таңдау қарастырылған;
- сынып жинағы автоматты түрде қалыптасады;
- білім беру ұйымымен келісім-шарт «электрондық үкімет» порталы арқылы электрондық форматта жасалатын болады (бірінші сыныпқа қабылдау туралы бұйрықтан кейін ата-анаға білім беру ұйымымен отыруға келісім-шартқа танысу және қол қою үшін СМС хабарлама келеді. Білім беру ұйымы бірінші сыныпқа қабылдау туралы бұйрықты ағымдағы жылғы 25 тамыздан кейін шығарады).
Мекен – жайы: Ақтоған ауылы, №4 Тілеміс батыр жалпы орта білім беретін мектебі,
Амангелді 80 ғимарат. Құрметті ата-аналар сұрақтарыңыз болса төменде көрсетілген нөмерлерге хабарласыңыздар!!! Мектеп директоры: 8775 534 21 88 Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: 8702 249 9981 Хатшы: 8775 048 46 91 Қабылдау бөлмесі: 3-53-10