24
ноябрь
2023
«Мен және менің құқығым» деген сұраққа екі жақты пікір бар дегендей , оқушылар осы жайында өз ой – пікірлерін таразыға салды.
№4 Тілеміс батыр жалпы орта білім беретін мектебінде «Қатыгездік пен зорлық – зомбылықсыз балалық шақ » атты онкүндік аясында мектебімізде 25 қараша күні Қ.Ахмет жетекшілік ететін «Дебат» клубы «Мен және менің құқығым» атты мектеп оқушылары арасында пікір сайыс өтті. «Таяқтың екі ұшы бар» дегендей «Мен және менің құқығым» деген сұраққа екі жақты пікір бар дегендей , оқушылар осы жайында өз ой – пікірлерін таразыға салды. Дебат екі қарсыласушы топ арасындағы пікірталас арқылы өтті.
Қазір еліміздегі балаларға қатысты болып жатқан зорлық-зомбылық оқиғалары көпшілікті алаңдататыны рас. Бұл мәселені де фракция мүшелері қозғады. Себебі барша азаматтар үшін балалардың жарқын өмірі мен қауіпсіз болашағы маңызды. Ұшқыр ойларымен сайысқа түскен фракциялардың ішінен «Ақиқат» фракциясы спикерлерінің ұсынған аргументтері ерекше аталып үздік фракция атанды.








