«Қатыгездік пен зорлық – зомбылықсыз балалық шақ » атты онкүндік  аясында  әлеуметтік педагог      » СШ№4 Тлемис батыра
Жамбыл облысы білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№4 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» »   «Қатыгездік пен зорлық – зомбылықсыз балалық шақ » атты онкүндік  аясында  әлеуметтік педагог     
23
ноябрь
2023

  «Қатыгездік пен зорлық – зомбылықсыз балалық шақ » атты онкүндік  аясында  әлеуметтік педагог     

№4 Тілеміс батыр жалпы орта беретін мектебінде  «Қатыгездік пен зорлық – зомбылықсыз балалық шақ » атты онкүндік  аясында  әлеуметтік педагог     Е. Керімбай  «Бақытты бала- бейбіт елдің тірегі» тақырыбында көпбалалы ата-аналарымен кездесу өткізді. Кездесуге көпбалалы ата-аналар қатысты. Әлеуметтік педагог Керімбай Елдар кездесу барысында отбасындағы бала тәрбиесінде ата-ананың рөліне тоқталды. Бала тәрбиесінің алтын қазығы- туған ұясы, «Баланың басты ұстазы-ата-ана» «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дегендей нақыл сөздердің астарын ашып ата-аналардың ойларымен бөлісті.Қазақстан Республикасының Ата Заңында «Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың табиғи құқығы және парызы» делінгенін айтып, ата-аналарға болашақта балаларын өз жастарына келгенде қандай күйде көргіміз келеді дегендей сұрақтар қойылып, жауаптарын тыңдады. Көпбалалы ата-аналар бала тәрбиесі басты назарда екенін айтып, бейбіт елдің болашағы үшін, бақытты бала тәрбиелеуге күш жігерімізді саламыз деп кездесу аяқталды.