«Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» » СШ№4 Тлемис батыра
Жамбыл облысы білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№4 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» »  «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ»
08
ноябрь
2023

 «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ»

Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен Қазақстанда БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы конвенциясын ратификациялау аясында Меркі ауданының білім бөлімінің 2023 жылғы 1 қарашадағы №1547 хатына сүйене отырып, №4 Тілеміс батыр  жалпы орта білім беретін мектебінде ағымдағы жылдың 8 қараша күні «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» республикалық ақпараттық науқаны бастау алғандығы туралы хабарламалық бағыттағы іс-шарасы ұйымдастырылып өткізілді. Науқанның мақсаты – балаларға қатыгездік пен немқұрайлылық мәселесіне қоғамдық назар аудару,
қоғамда балаларды қатыгездікке төзбеушілік көзқарасын қалыптастыру,
балаларды зорлық-зомбылықтың кез келген түрінен құқықтық қорғау деңгейін арттыру.
Іс-шара барысында ұйымдастырылып отырған «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» республикалық ақпараттық науқанының 8-20 қараша күндері аралығында өткізілетіндігі және науқан кезінде жүзеге асырылатын жоспардағы іс-шаралар бойынша ақпараттар берілді.