«Менің мамандығым- менің болашағым» атты тренинг
Біздің «Менің мамандығым- менің болашағым» атты тренингіміздің мақсаты оқушыларға мамандық таңдауда олардың негізгі түрлері, классификасиясы белгілері, мамандық тобы, таңдау әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта – ықыласын, қызығушылықтарын арттыру.
«Әріптесіңді тап» жаттығуы
Барлық қатысушылар қатарға тұрады. Әрбір қатысушының арқасында парақта бір маман иесі бар, тағы сал сияқты қатысушылар арасында бір әріптесі болады. Мысалдар: дәрігер, экономис, мұғалім, архитектор және т.б.. Әр қатысушы топтан сұхбат алу арқылы әріптесін табуы керек. Сұрақтарға тек "ИӘ" және "ЖОҚ"сөздерімен жауап беруге болады.- "Өмірлік құндылықтар" жаттығуы
Сізге емтихандағыдай билетті шығарып, дауыстап оқығаннан кейін өз пікіріңізді білдіруге шақырылады. (Осы мәселе бойынша сұрақтарды алдын-ала дайындау қажет. Мысалы: "Сіз үшін өмірдің мәні неде?"; "Неліктен көптеген адамдар ешқашан мансапқа жете алмайды?" және т. б.)
- "Қалаймын- қажет"жаттығуы.
Біртұтас команда құрылады, оны екі топқа бөлу керек ("қалаймын" тобы және "қажет"тобы). "Мен қалаймын" тобының бір мүшесі бір қадам алға басып, "мен бухгалтер болғым келеді (кез келген басқа мамандық)"дейді. "Қажет" тобының қатысушылары: "онда сіз математиканы жақсы білуіңіз керек (мамандыққа қажетті кез-келген басқа шарт)"деп жауап береді.