15
март
2024
Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні.
16 наурыз - Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні. Осыған орай мектепте мәдениетті, өнерді және ұлттық құндылықтарды насихаттау,ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеу мақсатында сынып сағаттары өтті.
Ұлтты ұлт ететін айрықша белгілердің бірі – мәдениеті пен өнері, олардың маңызы жаһандану жағдайында одан сайын арта түспек.
Сонымен қатар, тарихи мұраны қайта құру мен жандандырудың негізгі тетігі модернизацияда жатыр. Мәселен, қазақтың дәстүрлі киім үлгісі қазіргі кезде жаңаша түрлене бастады. Қазір қазақстандық дизайнерлер дәстүрлі ою-өрнектерді, нақыштарды және басқа да атрибуттарды заманауи стильмен үйлестіре отырып пайдаланады. Наурыздың қайта жаңарған мәні де осында: дәстүрлер жаңа заманға бейімделіп, тың мазмұн-пішінге ие бола бастады. ХХІ ғасырда қазақстандық дамудың бағытын осылайша дәуірлер тәжірибесіне негізделген жаңа мазмұндағы мәдениет айқындайтын болады.
#Біртұтас_тәрбие
@oqu_agartu_ministirligi
@gani.beisembayev