07
декабрь
2023
Мектепте «Даналық мектебі» жоспары аясында өскелең ұрпаққа ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында «Ата кәсіп – берекенің бастауы» тақырыбында қолөнер көрмесі өтті.
Мектепте «Даналық мектебі» жоспары аясында өскелең ұрпаққа ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында «Ата кәсіп – берекенің бастауы» тақырыбында қолөнер көрмесі өтті. Көрмеге «Аталар» мектебінің төрағасы Ниязбеков Ергөбек Әріпбайұлы білім алушыларға қазақ халқының ертеден келе жатқан тамаша кәсібі, ұлттық қолөнерінің бірі — ат әбзелдерінің атауларын таныстырып, пайдалануы туралы түсіндіріп,толық мағлұмат берді.
Қазақ халқының қолөнері - халық тұрмысымен бірге жасасып келе жатқан, ұзақ тарихы бар ежелгі өнер. Әр халық – өз мәдениетін жасаушы және ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші. Ұлттық тәрбие – рухани уыз. Халық көптеген тәрбиелік дүниелер туғыза отырып, олар арқылы баланың жеті қырлы, сегіз қырлы болуын қамтамасыз еткен.
Осынау бір ата-бабамыздан келе жатқан асыл мұраны ары қарай жалғастырып, қазіргі жас буынға таныстырып, қасиетін сезіндіре тәрбиелеу – біздің мақсатымыз. Оны қазақ жерінде ғана емес, бүкіл әлемге паш етіп, ұмыт бола бастаған мұрамызды қайта жаңғырту – ата-баба алдындағы борышымыз.
#Біртұтас_тәрбие
@oqu_agartu_ministirligi #ҚРБҒМ #атааналар#педагогикалыққолдау
#ЖАМБЫЛОБЛЫСЫНЫҢБІЛІМБАСҚАРМАСЫ#Меркіауданы#4жоббм