20
ноябрь
2024
"Түбір мен қосымша" тақырыбында ашық сабақ өткізді.
№ 4 Тілеміс батыр ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі У. А. Кантуреева 20-қараша күні 3 "А" сыныбына қазақ тілі пәнінен "Түбір мен қосымша" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастыру, түбір сөздің жазылуын өзгерткен қосымшаны анықтау. Сабақта "Асықтар шеңбері" әдісі арқылы өткен сабақтар пысықталды, "Ой қозғау"әдісі ҰЖ, "Біліміңді қолдан" әдісінде ЖЖ, "Із кесуші" әдісі ЖЖ және топтық жұмыс жүргізілді. Оқушылар сабаққа қызыға, белсене қатысты.





































