"Сапалы білім. Тиімді жоспар. Нәтижелі сабақ." айдарының нәтижесінде ұйымдастырылған » СШ№4 Тлемис батыра
Жамбыл облысы білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№4 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Сапалы білім. Тиімді жоспар. Нәтижелі сабақ." айдарының нәтижесінде ұйымдастырылған
05
февраль
2024

"Сапалы білім. Тиімді жоспар. Нәтижелі сабақ." айдарының нәтижесінде ұйымдастырылған

"Сапалы білім. Тиімді жоспар. Нәтижелі сабақ."  айдарының нәтижесінде ұйымдастырылған жұмыс бойынша 29.01.24 жылы бастауыш сынып мұғалімі Б.А. Дәулетбаеваның ұйымдастыруымен 3"В"сыныбында әдебиеттік оқу пәнінен "Ат-ер қанаты"  тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: Шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп, қажетті ақпаратты тауып, белгі қойып, сын тұрғысынан бағалап оқу. Мұғалім жаңа әдіс- тәсілдерді қолданды. Сыныпты 3 топқа бөліп, әр топ өз аттарын қорғады. "Суреттер сөйлейді" әдісі арқылы үй тапсырмасы сұралды. Әнді тыңдау арқылы "Ынталандырушы" тапсырмалары берілді. Жаңа сабақ тыңдалым дағдысы арқылы жүзеге асырылды. Қ. Баянбайдың "Атқа міндім" өлеңін "Стоп кадр" әдісі арқылы балалар оқыды. Топтық, жұптық, жеке жұмыстар орындалды. Функцияналды сауаттылықты арттыруға арналған тапсырмаға оқушылар белсене қатысты.