Мектебімізде кәсіптік бағдар беру жоспары аясында «Табысты тұлға» тақырыбында әртүрлі кәсіп иелері және 9 сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырылды. » СШ№4 Тлемис батыра
Жамбыл облысы білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№4 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектебімізде кәсіптік бағдар беру жоспары аясында «Табысты тұлға» тақырыбында әртүрлі кәсіп иелері және 9 сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырылды.
28
февраль
2025

Мектебімізде кәсіптік бағдар беру жоспары аясында «Табысты тұлға» тақырыбында әртүрлі кәсіп иелері және 9 сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырылды.

Қыстың соңғы күнінде көңілге қуаныш сыйлайтын сәт.Мектебімізде кәсіптік бағдар беру жоспары аясында «Табысты тұлға» тақырыбында әртүрлі кәсіп иелері және  9 сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырылды.9 сыныпты аяқтап «Қандай мамандықты таңдаймын немесе болашақта кәсіп ашсам» деген армандарына жол көрсетіп,оқушыларға бағыт-бағдар беріп,таңдау мүмкіндіктерін ашу.
Кеш қонақтары: ауылшаруашылығы мамандығының өндірістік оқыту шебері:  Төлендиев Тоқтағұл Кенжебекұлы.
ТОО Нұрай kids бала бақшасының меңгерушісі: Идрышева Бакжанар Әлибекқызы.
Кездесу жылы сұхбаттасумен басталды.Бала кезіндегі қызығушылықтары, жобалар мен мүмкіндіктер,кәсіп ашу туралы идея мен шабыт,колледжде оқып жақсы маман атанған мамандар туралы айтып берді.Оқушыларға жақсы білім алып,білім мен тәжірибені ұштастыра отырып биік белестерге қол жеткізуге болатынын түсіндірді.Бақжанар Алибекқызы жеке кәсіпкер,бүгінде 13,5 штатпен,10-15 жұмысшыны жұмыспен қамтып отырған кәсіпкер. «Еңбек еткен-мұратқа жеткен» демекші кәсіпкерлікте шығармашылық қабілеті мен мүмкіндігімен жеткен жетістіктерімен,берекелі бизнестің сырымен бөлісті.