«Мамандық таңдау – болашаққа нық қадам» атты онкүндік аясында №4Тілеміс жалпы орта білім беретін мектебінде әртүрлі маман иелерімен кездесу кеші өтті. » СШ№4 Тлемис батыра
Жамбыл облысы білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№4 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мамандық таңдау – болашаққа нық қадам» атты онкүндік аясында №4Тілеміс жалпы орта білім беретін мектебінде әртүрлі маман иелерімен кездесу кеші өтті.
07
февраль
2025

«Мамандық таңдау – болашаққа нық қадам» атты онкүндік аясында №4Тілеміс жалпы орта білім беретін мектебінде әртүрлі маман иелерімен кездесу кеші өтті.

«Мамандық таңдау – болашаққа нық қадам» атты онкүндік аясында №4Тілеміс жалпы орта білім беретін мектебінде әртүрлі маман иелерімен кездесу кеші өтті.
Мақсаты: мамандық  таңдау кезеңінде тұрған оқушыларға бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу.
Жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру,техникалық және кәсіптік  білім беру жүйесінің білім беру жүйесінің реформасын жүзеге асыру мақсатында:
  Қасым-Жомарт Тоқаев – 2025 жыл Қазақстанда Жұмысшы мамандықтар жылы болып жарияланды.
Осыған  орай 07.02.2025 жылы мектебімізде жас кәсіпкер: Қорабаев Нұралы Болатұлы (Тараз қаласында және Меркі ауданында халық тұтынатын тауарлар сататын дүкені бар), Жапаркулова Эльмира Нұрғазықызымен (қыз жасауын,құрақ көрпенің түр-түрін құрайды) кездесу кеші өтті. Мектепті аяқтап жаңа өмір бастағалы отырған оқушыларды  қандай мамандықты таңдаймын немесе кәсіппен айналыссам ,оған қалай қол жеткізем деген ойлар мазалайтыны анық. Кәсіпкерлер алдымен қол жеткізген  табыстың сыры туралы әңгімелеп берді. Ризықтың оннан тоғызы-саудада дейді. «Әрекет бізден – берекет Алладан» демекші оқушыларға кәсіпкерлер көптеген кеңестер берді.Талантсыз адам – хабарсыз адам.Кәсіпте жетістікке жету үшін білім мен тәжірибе керектігін, кәсіпті тек қаржы ғана емес,әлеуметтік қатынастарды  да қалыптастыруға ықпалын тигізетіні атап айтылды.Еңбектің наны  тәтті-еңбек етсең  табысқа жететіні,сауда саттық өмірдің жайы- кәсіппен айналысу адам өмірінде маңызды рөл атқаратыны түсіндірілді.Кездесу өте әсерлі болды.