«Құқықтық мәдениет-қауіпсіздік кепілі» » СШ№4 Тлемис батыра
Жамбыл облысы білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№4 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Құқықтық мәдениет-қауіпсіздік кепілі»
08
декабрь
2021

«Құқықтық мәдениет-қауіпсіздік кепілі»

#4 Тілеміс батыр жалпы орта білім беретін мектебінде қараша айында сынып жетекші Шилібекова Гүлзипа жоғарғы сынып оқушылары арасында «Құқықтық мәдениет-қауіпсіздік кепілі»(Құықтық сана-қауымға пана жоба аясында)  дәріс ұйымдастырылды.  Мақсаты: оқушылардың құқықтық білімін арттыра отырып, өз құқықтарын жете білуге, өмірде қолдана білуге үйрету. Құқықтық мәдениетті қалыптастыру. Қазақстан Республикасының Конституциясында айтылған құқықтық мемлекет құрудың көрінісі еліміздегі құқықтық мәдениеттің қалыптасу деңгейінен айқындалады.  Құқықтық мәдениеттің мүмкіндіктері арқылы құқық бұзудың алдын алып,  қоғамдық тәртіпті күшейтіп, қылмысқа қарсы күрестің тиімділігін арттыра аламыз. Қазіргі құқықтық сауаттылықта мықты болуы керек. Құқықтық мәдениет жоқ жерде құқықтық жүйе де қауқарсыз.  Расында адамның құқықтық белсенділігі құқықтық мәдениеттің жоғары деңгейін көрсетеді. 
Құқықтық мәдениетті қалыптастырудың негізі—құқықтық білім беру. Құқық пен заңды білмейінше, құқықтық мәдениет қалыптаспайды. Құқықтық білімі бар және оны күнделікті қолдана алатын құқықтық мәдениеті жоғары азамат заңдылықтың бұзылуына жол бермейді.  
Ал құқықтық білім, құқық бұзушылық дегеніміз не?  Ой-пікірімізді айтайық.