09
декабрь
2021
«Мектепте құқықтық тәрбиені ұйымдастыруда құқықтық сана мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру»
№4 Тілеміс батыр ЖОББМ 2020-2021 оқу жылында 1-11 сынып жетекшілері арасында «Мектепте құқықтық тәрбиені ұйымдастыруда құқықтық сана мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру» (Құқықтық сана –қауымға пана жоба аясында) тақырыбында дқтжо Қ.Абиралиева, құқықтық лектор, тарих пәні мұғалімі А.Оңалбаеваның ұйымдастыруымен пресконференция өткізілді..
Құқықтық тәрбие жұмысы 1-сыныптан бастап, белгілі бір жүйелілікпен ұйымдастырылған түрде оқуды бітіргенге дейін жүргізілуі қажет. Әрине, құқықтық тәрбие тиімді нәтиже беру үшін оқушылардың жасын, әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін , әр баланың жеке басының қасиеттерін ескеру абзал. Сондықтан құқықтық тәрбие беру жұмысы бірнеше сатыға бөлінеді: 1-4 сыныпта (бастауыш мектеп); 5-8сыныпта;9-11 сыныпта. Сатыдан сатыға көшкенде құқықтық тәрбие күрделеніп, терендей береді.

- Заңдарды білу, әрине, мұғалімнің құқықтық білімі мен оның атқаратын қызметінің көлеміне байланысты және сайма-сай келгені жөн.
- Мұғалімнің оқушыларға заңдарды түсіндіре алатын қабілеті болуы керек. Мәселе оқушыларға қандай заңдар бар екенін айтуда ғана емес, сол заңдардың не үшін қажет екенін, олардың қоғамда атқаратын рөлін, заңдылықты, құқықтық тәртіпті орнатып, барлық халықтың, әрбір жеке адамның заңды мүдделерін қорғап, іске асыратын құдіретті құрал екенін оқушыларға түсіндіре алуында.
- Құқықтық тәрбие берудің бір ерекшелігі – оқушылардың әлеуметтік-құқықтық белсенділігін қалыптастыру. Осы мақсатқа жету үшін оқытушылар заңдарды өздері сақтаумен қатар, сол заңдардың жүзеге асуына ат салысатын азаматтарға айналуы қажет. Білім, сенімділік және әрекеттер мызғымастай берік, біртұтас болуы міндет.
- Мұғалім әрбір оқушының құқықтық санасының шынайы дәрежесін біліп, оған әсер ететін басқа жағдайлардан хабардар болғаны жөн. әсіресе, көңіл аударатын жәйт – оқушылардың тұрмыс жағдайы, мектептен тыс уақытта араласатын ортасы.
- Адамгершілік тұрғысынан қарағанда мұғалім мінсіз таза болуы – оған қойылатын заң талабы. Мұғалім мектепте де , үйде де, түзде де жастарға өз қылығымен, өмірімен, жүріс тұрысымен нағыз үлгі болуы шартты жағдай туралы айтылып өтті.