"Сапалы білім - тиімді жоспар, нәтижелі сабақ" жобасы айлығының ашылу салтанаты өтті » СШ№4 Тлемис батыра
Жамбыл облысы білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№4 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Сапалы білім - тиімді жоспар, нәтижелі сабақ" жобасы айлығының ашылу салтанаты өтті
12
январь
2026

"Сапалы білім - тиімді жоспар, нәтижелі сабақ" жобасы айлығының ашылу салтанаты өтті

№ 4 Тілеміс батыр жалпы орта білім беретін мектебінің  бастауыш сынып бірлестігі "Сапалы білім - тиімді  жоспар, нәтижелі сабақ"  жобасы айлығының ашылу салтанаты өтті. 
* Шараның негізгі мақсаты – бастауыш сынып оқушыларының білімге деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және мұғалімдердің кәсіби тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасау.

*Салтанатты жиын мектеп директоры І.С. Жүнісжанов құттықтау сөзімен ашылып, айлық барысында өткізілетін іс-шаралар жоспары таныстырылды. Оқушылардың қатысуымен шағын концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, әндер шырқалып, өлеңдер оқылды, ойын ойнатылды. Бастауыш сынып оқушылары өз өнерлерін көрсетіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

*Айлық аясында ашық сабақтар, сыныптан тыс іс-шаралар, зияткерлік ойындар, байқаулар мен шығармашылық жұмыстар өткізілмек. Бұл жұмыстар оқушылардың жан-жақты дамуына ықпал етіп, ұстаздардың кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталған.

*Бастауыш сынып бірлестігі айлығының ашылу салтанаты мазмұнды да әсерлі өтіп, қатысушыларға ерекше шабыт сыйлады.