13
январь
2025
13 қаңтар күні «Сапалы білім-тиімді жоспар, нәтижелі сабақ» жобасы аясында ашық сабақтар айлығын
№4 Тілеміс батыр жалпы орта білім беретін мектебінде 13 қаңтар күні «Сапалы білім-тиімді жоспар, нәтижелі сабақ» жобасы аясында ашық сабақтар айлығын ұйымдастыру жоспарланып, айлықтың ашылу салтанаты өткізілді. Айлық 13 қаңтар мен 31 қаңтар аралығына жоспарланды.Мақсаты: Педагогтердің кәсіби шеберлігін шыңдау, өзара тәжірибе алмасу және бастауыш сынып білім алушыларына үздіксіз білім беру арқылы білім сапасын арттыру. Ашылу салтанатында балалардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру , ойын үстінде ойша әрекет ету қабілеттерін жаттықтыру, ойлана отырып жауап беруге, қиялдауға, елестетуге арналған «Тапқыш» , «Керісіншілер елі» атты қызықты ойындар ойнатылып, ойын жеңімпаздарына сыйлықтар үлестірілді. Және де оқушылар өз шығармашылықтарынан күй тартып, би билеп, ән айтып өнерлерін көрсетті.













