29
май
2026
Қорытынды аттестаттау
📗 Қорытынды аттестаттау 9 сынып
📗 2025–2026 оқу жылындағы қорытынды аттестаттау кезеңі ресми түрде басталды. Бүгін 9-сынып оқушылары мемлекеттік емтихан тапсыруда. Атап айтқанда, алғашқы емтихан математика (алгебра) пәні бойынша өткізілді.
Емтиханға 9а, 9ә, 9б сыныптарының оқушылары қатысты.
📗 Қорытынды аттестаттау – негізгі орта білім беру курсы бойынша білім алушылардың оқу бағдарламасын меңгеру деңгейін анықтайтын маңызды академиялық процесс.
📗 Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бекіткен кестесіне сәйкес, емтихандар мамыр айының соңынан маусым айының ортасына дейін өткізіледі. Емтихан тапсыру барысында оқушылар математикалық сауаттылық, тілдік құзыреттілік және пәндік білім деңгейлері бойынша бағаланады.
Аталған кезең оқушылардың жауапкершілігін арттырып қана қоймай, олардың болашақ білім бағытын айқындауда маңызды рөл атқарады. Барлық түлектерге сәттілік, жоғары нәтиже және сенім тілейміз.