10
декабрь
2021
"Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру"
№4 Тілеміс батыр жоббм 11 сынып оқушылары зум платформасы арқылы онлайн кездесу өткізді.Кездесуге М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті "Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру" институтының директоры К.Шилібек, университеттің Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысының орынбасары О. Қожас қатысты. Кездесу барысында О. Қожас мектеп бітіруші түлектерге аталған оқу орнының факультеттері және дайындайтын мамандық ар туралы, оқу гранттарының конкурстық негізде тағайындалатыны туралы түсіндірді.Оқушылар өз қалаған мамандықтарына сәйкес сұрақтарына жауап алды.
