14
февраль
2019
Қамқорлық акциясы
№4 Тілеміс батыр жалпы білім беретін мектебінде2019 жылдың 10 қаңтар -10 ақпан аралығында «Қамқорлық» акциясының өтуі бойынша атқарылған іс-шаралар жайлы
Анықтама
Меркі Ауданы әкімдігінің білім бөлімі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің хатына сәйкес 2019 жылдың 10 қаңтар -10 ақпан аралығында «Қамқорлық» дәстүрлі жыл сайынғы республикалық акцияның өтілуі туралы бұйрық бойынша іс-шаралар жоспары жасалынып, мектеп әкімшілігінен жауапты қызметкерлер белгіленіп, акцияны өткізуді үйлестіру барысында комиссия құрамы құрылды. Акция барысында мектебімізде атаулы көмек алатын оқушылардың арасынан және көпбалалы отбасынан шыққан оқушылар арасынан көмекке мұқтаж, әлеуметтік көмекті қажет ететін оқушылар анықталды. Ол оқушыларға ауылымыздағы жаны ізгі, пейілі жомарт азамат Г.Сарсенов, Н.Сембиев және тағы басқа ағаларымыз биылда қайырымдылық іс-шараға белсене қатысты. Атап айтар болсақ, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларының балаларына көмек қолын созды. Осындай қайырымды жандар берген 55000 (елу бес мың теңге) қаражатқа 13 оқушыға қыстық сырт киім, оқушыға мектепке қажетті құрал-саймандар алып берілді.
Балалар еңбегінің ең нашар түрлерін анықтау мақсатында жүргізілген түнгі, күндізгі (егістіктер мен базарлар, жағдайы нашар отбасыларында) рейд аптасына 2реттен 6 рейд жүргізілді.Ешқандай оқушылар анықталған жоқ.
Әлеуметтік педагог: К.Е. Керімбайұлы.