Жасұланшылар жиын соңында «Жас Ұлан ұйымының әнұранын» қосыла шырқады. » СШ№4 Тлемис батыра
Жамбыл облысы білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№4 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жасұланшылар жиын соңында «Жас Ұлан ұйымының әнұранын» қосыла шырқады.
14
декабрь
2021

Жасұланшылар жиын соңында «Жас Ұлан ұйымының әнұранын» қосыла шырқады.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне  орай 13 желтоқсан күні "Жас Ұлан" Республикалық балалар мен жасөспірімдер қоғамдық бірлестігіне  қабылдау салтанатты жиыны өтті."Жас Ұлан" ұйымына үлгілі,тәртіпті ,терең білімді,озық ойлы,шығармашыл,оқуда озат,белсенді  5 сыныптан  60 оқушы, «Жас қыранға» 3 сынып оқушыларынан 16 оқушы қабылданды. Салтанатты түрде уәде беру рәсімі  5 сынып оқушысы Ұмытхан Көпбосынға берілді.Жас Ұланшыларға уәде беру рәсімінен кейін салтанатты түрде галстук тағылды.Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.Жұмалиева  оқушыларды «Жас  Ұлан» қатарына қабылдану құттықтау сөзін сөйледі.Тәуелсіздік мерекесімен, «Жас Ұлан» ұйымының 10 жылдығымен құттықтап,ұйымға белсенді  атсалысқан  Жасұланшыларды мақтау қағаздарымен марапаттады. Жасұланшылар жиын соңында «Жас Ұлан ұйымының  әнұранын» қосыла шырқады.