№4 Тілеміс батыр жалпы білім беретін мектебі І (мектепішілік) кезең республикалық пән олимпиадасының өткізілуі туралы қорытынды » СШ№4 Тлемис батыра
Жамбыл облысы білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№4 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №4 Тілеміс батыр жалпы білім беретін мектебі І (мектепішілік) кезең республикалық пән олимпиадасының өткізілуі туралы қорытынды
04
декабрь
2019

№4 Тілеміс батыр жалпы білім беретін мектебі І (мектепішілік) кезең республикалық пән олимпиадасының өткізілуі туралы қорытынды

№4 Тілеміс батыр жалпы білім беретін мектебі

І (мектепішілік) кезең  республикалық   пән олимпиадасының өткізілуі туралы қорытынды    

  Мақсаты:  Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту,теориялық білімі мен теориялық іскерліктерін тереңдету,  дарынды балаларды анықтау және оқушылардың білімге қызығушылығын арттыру, мұғалімдердің   жұмыстарын бағалау 

Мерзімі: 21-22  қараша  2019 жыл

Комиссия құрамы: мектептің әдістемелік кеңесі.

  I (мектепішілік) кезең республикалық пән олимпиадасы өткізілді. Олимпиада өткізу кезеңінде тәртіп сақталып, кезекшілік ұйымдастырылды. Олимпиада өткізу барысында   Мектеп директоры  Е.Ә.Жұматаев, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Т.Косубаев, директордың  ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары К.Азатов  олимпиаданың өтуімен құттықтап, сәттілік тіледі. Олимпиаданың өз деңгейінде өтілуіне ерекше көңіл бөлінді. Оқу жылының  барысында келесі: қазақ тілі, орыс тілі, математика, физика, химия, қазақстан тарих, география, биология,  ағылшын тілі, құқықтану, информатика пәндері бойынша оқушылардың пән олимпиадалары ұйымдастырылып, оған 

8-9-10-11сынып оқушылары қамтылды. Пән олимпиадасы екі турмен   өтті. 21 қараша күні I тур 14.00-дан 16.00-ге, 22 қараша II тур сағат 14.00-дан 16.00-ге дейінгі аралықта өткізілді. Мектепішілік өткізілген олимпиадаға қатысқан оқушылар саны-168. Оның ішінде:

8 сыныптар бойынша – 46 оқушы

9 сыныптар бойынша- 50 оқушы

10 сыныптар бойынша – 38 оқушы

11 сыныптар бойынша – 34    оқушы қатысты.

Олимпиада жұмыстары уақтылы тексеріліп, хаттамаға тіркелді.

9-10-11 сыныптар арасында олимпиада қорытындысы  бойынша:

І орын – 23 оқушы, ІІ орын –40 оқушы, ІІІ орын – 30 оқушы иеленді. 

 Мектепішілік пән олимпиадаларында  I.II.III жүлделі орындарды иеленген 93 оқушы  анықталып, мақтау қағаздарымен  марапатталды.

Олимпиаданың   мектепішілік  кезеңінде ешқандай келеңсіз жағдай болған жоқ. Бекітілген мұғалімдер түгел кешікпей өз уақтысында келді. Кезекшілер өз міндеттерін дұрыс атқарды.

Олимпиаданың   мектепішілік кезеңінде оқушылар тапсырмаларды орындауда дәстүрлі емес әдістерді пайдаланып,оларды шығармашылықпен орындады. Мектепішілік олимпиада турының қорытындысының негізінде   9-10-11сынып оқушыларынан    аудандық олимпиадаға қатысатын оқушылар анықталды.

23    оқушы аудандық олимпиадаға  қатысуға  ұсынылды.

Ұсыныс: 1.Олимпиаданың І (мектепішілік) кезеңінің тапсырмалары , ІІ (аудандық ) кезеңінің тапсырмаларының мазмұнына жақындатылсын.

2. Мектепішілік   олимпиадада  І-ші  орынды алған оқушылар Республикалық пәндік олимпиаданың II (аудандық)  кезеңіне  жіберілсін. 

3. Мұғалімдердің оқушыларды ІІ (аудандық) пән олимпиадасына дайындау тәжірибесіне қолдау көрсетілсін.

4. Пән мұғалімдері   дарынды оқушылармен мақсатты бағытталған жұмыстарды жүргізуге баса назар аударсын.