«Сырласайық сырғалым» тақырыбында жеңге мен қайынсіңілінің қатысуымен сайыс өтті. » СШ№4 Тлемис батыра
Жамбыл облысы білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№4 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Сырласайық сырғалым» тақырыбында жеңге мен қайынсіңілінің қатысуымен сайыс өтті.
04
март
2022

«Сырласайық сырғалым» тақырыбында жеңге мен қайынсіңілінің қатысуымен сайыс өтті.

Мектепте 3 наурыз күні жеңге мен қайын сіңлі арасындағы өзара сыйластықты, бір-біріне деген сүйіспеншілікті нығайтып, ана мен бала, жеңге мен қыз арасындағы тәрбиені одан әрі дамыту,адамгершілік қасиеттерін,Отанын, тілін, қазақи салт-дәстүрді құрметтей білуге, ұлттық салт-дәстүрді қадірлеуге, туыстық қатынас, соның ішінде жеңгесінің алар орны мен рөлін ұғынуға тәрбиелеу. Халқымыздың бойына ғасырлап сіңген ұлттық мінез, ұлттық тәрбие,жақсы дәстүрімізді жаңғыртып, ұлағатты қасиеттерді сіңіріп, үлгі - өнеге алуға, шыншылдыққа баулып, ар тазалығын жоғары ұстайтын қылықты қыз тәрбиелеу және жеңге мен қайынсіңлі арасындағы қарым - қатынасты нығайту мақсатында «Сырласайық сырғалым» тақырыбында жеңге мен қайынсіңілінің қатысуымен сайыс өтті.Сайыс қорытындысы бойынша І орын 9 «А» сынып оқушысы Алтынбек Іңкәр мен жеңгесі Жұмағұлова Анар, ІІ орын 8 «А» сынып оқушысы Аят Айғаным мен жеңгесі Кезбаева Мөлдір, ІІІ орынды 9 «Б»сынып оқушысы Мәулен Ұлдана мен жеңгесі Өмірбек Ақмарал және 8 «Ә»сынып оқушысы Мұрат Айғаным мен жеңгесі Әбдікерімова Гүлнұр иеленді.