15
март
2022
«Жер сілкініс кезіндегі жүріс-тұрыс қағидалары» мәселелері бойынша білім алушыларға арналған онлайн интерактивті сабақтар өткізілді.
Мектепте 9-11 наурыз аралығында 5-11 сыныптарда Меркі ауданы білім бөлімінің 2022 жылғы 21 ақпандағы №1 хаттамалық тапсырмасына сәйкес, «Жер сілкініс кезіндегі жүріс-тұрыс қағидалары» мәселелері бойынша білім алушыларға арналған онлайн интерактивті сабақтар өткізілді. Жер сілкінісі - бұл жер қыртысында немесе мантияның үстіңгі бөлігінде кенеттен болган қозғалыс пен жарылыс нәтижесінде пайда болған және елеулі ауытқу түрінде үлкен қашықтықты таралатын жер асты дүмпуі мен жер астының қозғалысы.
Жер сілкініс кезіндегі экстремалдық жағдайлар кезіндегі іс-қимылдың қысқаша нұсқасын түсіндірді.
Алғашқы жер сілкінісі кезінде:
• Есте сақтаңыз: жер сілкінісі басталған кезде үрейленбеңіз және басқалардың да үрейленуіне жол бермеңіз;
• Газ, су және жарықты сөндіріңіз;
• Жер сілкіну төменгі баллмен жай болса, онда қорықпаңыз, сол жерде тұрыңыз, яғни күтіңіз. Егер күшті жер сілкінісі болған кезде сіз үйдің ішінде болсаңыз (дүмпу күші бес және одан жоғары болса):
• Екінші және одан да жоғары қабатта болсаңыз ол жерден ешқайда кетпеңіз; • Ішкі қабырғаның қауіпсіз жеріне, бұрышқа, есіктің жақтауына, ваннаға жатыңыз;
• Кереуеттің, столдың астына кіріңіз, себебі бұлар сізді құлайтын заттар мен сынықтардан қорғайды. Өзіңізді ауыр жиһаздар мен терезелерден аулақ ұстаңыз;
• Лифтіні пайдаланбаңыз.