09
февраль
2022
«Балалар жылы» деп жариялауына байланысты,аудандағы мәдениет үйінің кинофикациясы бөлімі жасөспірімдерге арналған көркемфильм көрсетті.
Мектепте 9 ақпан күні Меркі ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2022 жылғы 03 ақпандағы №01-07/22 хатын басшылыққа ала отырып ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялауына байланысты,аудандағы мәдениет үйінің кинофикациясы бөлімі жасөспірімдерге арналған көркемфильм көрсетті.
Фильм Сырым және Данияр есімді туған бауырлар туралы баяндайды. Бағыттары бір болғанмен олардың таңдаулары жолдары екіге айырылды. Бауырлар бала кездерінде бір-біріне сүйеніш болып қатар өскен.
Олардың дін жолына бағыттап, ерте жастан мешітке барып намаз оқуларына ықпал жасаған адам анасының бауыры еді. Ағайындылар ержеткен соң бизнеспен айналысуға бел байлайды. Екеуі таңдаған бизнестен жобасының нәтижесінде қомақты ақшадан екі есе пайда табу көзделген болатын.
Әкесін ұзақ жылдар бойы үлкен қаржыға жинап алған жаңа евростандарттағы жүк көлігін ақша алу үшін банкке кепілге қоюға көндіреді. Жұмыстарын бастап,істері алға жылжыған кезде олардың байланыс орнатқан серіктестері ашық түрде сан соқтырып кетеді.Нәтижесінде әкесінің жүк көлігін банк алып қояды.Отбасында үнемі жанжал мен түсініспеушілік орнайды. Әкесі барлығына Сырымды кінәлайды.
Бұл оқиғаны көтере алмаған Сырым мешітке барып Баханы деген жігітті кездестіреді. Баха оған көмекке қолын созады.Сырым оған келіседі.Баханың ұсынған көмегінің астарында алдын ала ойластырылған сұм жоспар жатқан болатын.Ол шын мәнінде дәстүрлі исламға жат Салафит қимылының үгітшісі болатын. Баха осындай жолдармен жастарды өз ағымына қарай тартатын.
Сырым әбсәтте тура жолдан тайып, теріс ағамның құлына айналды. Қала тұрғындарының арасында үрей туады.Оқиға әрі қарай өрши түседі...
Бұл фильм бүгінгі қоғам, әсіресе жас буынның дұрыс жол таңдауына өз әсерін тигізері сөзсіз