04
февраль
2022
«Оқушылардың психологиялық денсаулығын нығайту» айлығының жоспары жасалып бекітілді.
3 ақпан күні Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің 2022 жылғы 1 ақпандағы №01-08/34 хатының негізінде мектебімізде мектеп психологтарының ұйымдастыруымен «Оқушылардың психологиялық денсаулығын нығайту» айлығының жоспары жасалып бекітілді. Мектеп фойесінде бұрыш жасалынды. Айлықтың ашылуына байланысты салтанатты жиын өткізілді, айлық барысында атқарылатын іс-шаралар жоспары таныстырылды.
Сонымен қатар, оқушыларға кез-келген уақытта мектеп психологтарына жүгініп, өзін мазалап, бірақ шешімін таба алмай жүрген мәселелері болса кеңес алуына болатыны ескертілді. Оқушыларды бір-біріне мейірімді болуға, жақсылық жасауға, достық көмек көрсете білуге шақырды.