«Мен Тәуелсіз елдің ұланымын» атты «Жас Ұлан» Республикалық балалармен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиыны өтті. » СШ№4 Тлемис батыра
Жамбыл облысы білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№4 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мен Тәуелсіз елдің ұланымын» атты «Жас Ұлан» Республикалық балалармен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиыны өтті.
13
декабрь
2022

«Мен Тәуелсіз елдің ұланымын» атты «Жас Ұлан» Республикалық балалармен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиыны өтті.

Мектебімізде 13 желтоқсан күні  Тәуелсіздік күніне орай «Мен Тәуелсіз елдің ұланымын» атты «Жас Ұлан» Республикалық  балалармен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиыны  өтті. «Жас Ұлан» Республикалық қоғамдық бірлестігіне  ең үлгілі,әдепті,озық ойлы,шығармашыл,белсенді 5 сыныптан 98 оқушы, «Жас қыранға»  3 сынып оқушыларынан 15 оқушы қабылданды.Салтанатты ант қабылдау рәсімі 5 «Ә» сынып оқушысы  Аят Арнатқа берілді. Уәде беру рәсімінен кейін Жас  Ұланшыларға салтанатты түрде галстук тағылды. Галстук тағу рәсімі мектебіміздің  ұстаздары мен Жас Ұланшыларына берілді.Мектеп директоры Е.Ә.Жұматаев оқушыларды «Жас Ұлан» қатарына қабылдану құттықтау сөзін сөйледі және қоғамдық ұйымның жұмыстарына белсене атсалысқан Жасұланшыларды мақтау қағаздарымен марапаттады. Оқушыларға «Жас Ұлан» ұйымының жалпы ережелері мен мақсаттары түсіндірілді.Жасұланшылар жиын соңында «Жас Ұлан ұйымының әнұранын» қосыла шырқады.
Мектеп тәлімгері:   Н.Асубайқызы.