«Әке- отбасы тірегі» тақырыбында форум өтті. » СШ№4 Тлемис батыра
Жамбыл облысы білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№4 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Әке- отбасы тірегі» тақырыбында форум өтті.
17
февраль
2023

«Әке- отбасы тірегі» тақырыбында форум өтті.

Мектепте 17 ақпан күні «Жомарт түлек » жобасы аясында мектеп пен отбасының өзара байланысын, қарым – қатынасын нығайту, отбасының қарым – қатынасындағы сенімділікті және сыйластықты қалыптастыру,бала тәрбиесінде  әкенiң  ролі  ерекше   екендігін түсіндіру мақсатында «Әке- отбасы тірегі» тақырыбында форум өтті.
 Форумға мектептің түлегі, іскер, елмен етене жақын еңбек етіп жүрген жас әкелер және «Жомарт түлек» жобасы бойынша демеушілік көрсетіп жүрген  кәсіпкер әкелер қатысты.
«Әке- баланың қорғаны» дегендей  ұлдарынан үлкен үміт күтіп отырған үлгілі әкелер- Нұрбек Кіндікбайұлы ұлы Нұрханмен, Медет Үмбетбайұлы  ұлы  Нұрасылмен  форумда ой бөлісті.
 Өнегелі, өнерлі, «Сегіз қырлы, бір сырлы», намысты азамат тәрбиелеу ата- ананың  арманы. Ал, аталар жолын қуып, өнері мен өнегелі ісін жалғастыру жастарға да үлкен сын болып саналған. Форумда мектеп білім алушылары әке туралы өлең шумақтарын оқып, көркемеңбек пәні мұғалімдерінің жетекшілігімен орындалған  қолөнер туындыларынан көрме ұйымдастырылды. 
   Мектеп директоры Е.Ә.Жұматаев аулымызға  белгілі түрлі салада жемісті еңбек етіп жүрген түлектердің табысты өмір жолын жас ұрпаққа үлгі етіп, туған өлкесінің әлеуметтік мәселелерін шешуге атсалысып жүрген азаматтарымыз Үсенбаев Талғат  Жапсарбайұлы,Сәрсенов Гарифулла Ыбрайқұлұлы,Тұрпанов Асқар  Нәрікбайұлы,Сейсенбаев Нұрлан Ереңсізұлы,Отарбаев Ғалымжан  Жармұханбетұлы, Атишев Ержан  Нұржасарұлы, Қасымов Ерік  Ермаханбетұлы, Асылбеков Марат Жылысбайұлын мектеп әкімшілігі атынан мақтау қағазымен марапаттады.